Астана тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бассүйегін сындырды
Астана тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бассүйегін сындырды
Фото: yandex.kz
1,968
оқылды
Елорда тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бассүйегін сындырды. Ауыр жарақат алған нәресте қазір жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды AstanaTV. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ішімдік ішкен. Екі айлық сәбиін жерге лақтырып, аямай сабаған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы нашар. Қатыгез әке қамауға алынды. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 669-бабына сәйкес, сот бұрын белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін ер адам қамауға алынды» делінген Полиция департаментінің ресми хабарламасында. Бұған дейін Павлодарда 22 жастағы жігіт өзін тастап кеткен қыздың ата-анасын пышақтап өлтіргенін хабарлаған болатынбыз.