Астана күнінде отшашу болмайды – әкімдік
Астана күнінде отшашу болмайды – әкімдік
Фото: sputnik.kz
671
оқылды
Елорда күніне орай отшашу болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады. Қаланың 24 жылдығына орай концерт, спорттық жарыстар өтеді. Астана күнінде қалада бірқатар әлеуметтік нысандардың (кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсыру), зауыт, сквер, 80-нен астам аула мен т.б. ашылмақ. 1-6 шілде аралығында «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде «Елорда пейзаждары» атты арт-көрме жұмыс істейді. Біріккен музейлер дирекциясы мерекеге орай бірден бірнеше экспозиция ұйымдастырады: 1-8 шілде аралығында – «Ел тірегі – Елорда» көрмесі, 1-5 шілде аралығында – «Киелі менің Елордам» фотокөрмесі. 5 шілде күні «Әлем картасындағы жаңа елорда» ашық есік күні өтеді. 4-6 шілде аралығында Орталық саябақта Mereke Street қалалық мәдениет фестивалі өтеді. 5 шілде күні сағат 19:00-де филармонияның концерт залында «Әзіл әлемі» әзіл кеші ұйымдастырылады. Осы уақытта «Астана Опера» опера және балет театры «Шопениана» және «Шехрезада» күміс дәуірінің балеттерін ұсынады. 5 және 6 шілдеде «Колизей» спорт кеңістігінде «Отан Ана» монументінің жанында стритболдан Nur Sultan Cup турнирі ұйымдастырылады. 5-9 шілде аралығында «Астана Балет» театры «Орфей және Эвридика» балетінің премьерасына шақырады. Астана күні, 6 шілдеде сағат 11:00-де Триатлон паркте Elorda Tolqyny спорттық жарысы басталады. Осы уақытта «Қазанат» ипподромында шабандоздар «Елорда кубогы» үшін бәйге өтеді. Кешке, сағат 21:00-де Амфитеатр сахнасында Ұлықпан Жолдасов «Ақ қанат-ақ құсым» бағдарламасымен өнер көрсетеді. Сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін «Астана-Арена» стадионының тұрағында дәстүрлі Open air «Халықпен бірге» өтеді. Сол күні кешке «Қазақстан» ОКЗ «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған «Далам менің» концерті ұйымдастырылады. 8 шілдеде Амфитеатрда «Мен сені сүйемін, менің астанам» атты концерттік қойылым өтеді. «Барыс Арена» мұз сарайының жанында 12 сағаттық Open air You Fest шарасын өткізу 20 шілдеге ауыстырылды.