Тигран Кеосаянның YouTube-тағы авторлық каналы бұғатталды
Тигран Кеосаянның YouTube-тағы авторлық каналы бұғатталды
Фото: Inbusiness
1,621
оқылды
Қазақстанды Украинадағы соғыспен қорқытқан ресейлік журналист Тигран Кеосаянның YouTube каналы бұғатталды. Бұл туралы тележүргізуші өзі хабарлады. 
«Болды. Менің ютуб-тағы авторлық «Кеосаян daily» атты каналым бұғатталды. Таңғалған жоқпын», - деп жазды ол Telegram-каналында.
Айта кетейік, сәуірде Кеосаян YouTube арнасында видео жариялап, қазақстандықтар «Украинаға қарасын» деген мағынада мәлімдеме жасаған еді. Тигран Кеосаянның сөзінен кейін қазақстандықтар ресейлік телеарналарды өшіріп тастауды талап еткен болатын. Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянға жағымсыз тұлға  мәртебесін беру мәселесімен айналысып жатқанын хабарлады. Кейін оның террористермен бірге бір тізімге енгізілгені белгілі болды.