Ақмола облысында жұмыс істеп тұрған желдеткішті сүртпек болған жұмысшы қолынан айырылды
Ақмола облысында жұмыс істеп тұрған желдеткішті сүртпек болған жұмысшы қолынан айырылды
Фото: altynalmas.kz
443
оқылды
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Жолымбет кентіндегі «Алтын Алмас» акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіштің компрессорын сүртпек болған жұмысшы қолынан айырылды.
Абайсызда желдеткіш жұмысшының қолын жұлып алған. 9 шілде күні Шортанды аудандық полицияның кезекші бөліміне ауруханаға Семейдің 30 жастағы тұрғыны «сол қолының травматикалық ампутациясы» диагнозымен жеткізілгені туралы хабар түскен. Оның «Алтын Алмас» кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүрткен кезде жарақат алғаны анықталды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.