Жетісу облысында шенеуніктер заңсыз алған үйлерін қайтарды
Жетісу облысында шенеуніктер заңсыз алған үйлерін қайтарды
406
оқылды
Талдықорғанда арнайы комиссияның тексеруінен кейін 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды. Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалада бір кездері заңсыз берілген 1 000-нан астам пәтер мен тұрғын үй тексерілмек.
"Алдағы уақытта барлық қайтарылған пәтерлер қолданыстағы заңнама аясында, қаламыздың кезекте тұрған азаматтарына бөлінеді. Сонымен қатар бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша 14 пәтер қайтарылып, кезекте тұрғандарға үлестірілгенін хабарлаймыз. Олардың кейбіреулері көшіп кеткен, бірақ пәтерлер олардың атына тіркеліп, бос тұрған. Ал кейбіреулерінде туыстары тұрды", - деп хабарлады Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.  width=
Өз кезегінде ол тәркіленген пәтерлер бұрынғы шенеуніктерге тиесілі екенін растады.