Батыс Қазақстан облысында бизнесменді өлтіріп кетті
Батыс Қазақстан облысында бизнесменді өлтіріп кетті
13,005
оқылды
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме бермей отыр. Ақпаратты жергілікті тұрғындар растады, деп хабарлады “Мой город” басылымы. Жергілікті әлеуметтік чаттарда Ақсай қаласының тұрғыны болған кәсіпкерді өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарауда. Хабарламада үйде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны айтылған. Кәсіпкердің қаза болғаны туралы ақпаратты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары растады.1958 жылы туған ер адам – дүкеннің иесі. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме бермейтінін, прокуратураның мақұлдауын күтетінін хабарлады. Бақылау органы дүйсенбі күні ғана түсініктеме береміз деп жауап берді.