Атырау облысы әкімінің екі орынбасарының лауазымы қысқартылды
Атырау облысы әкімінің екі орынбасарының лауазымы қысқартылды
321
оқылды
Атырау облысы әкімінің екі орынбасарының лауазымы қысқарды. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы тапсырманы орындау мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының саны екі адамға қысқарды. «Атырау облысы әкімі орынбасары штаттық бірлігі қайта қаралды. Осыған байланысты әкімнің орынбасарлары Серік Айдарбеков пен Нариман Таушовтың штаттық лауазымы қысқартылды», -деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі. Бұған дейін Атырау облысы әкімінің бес орынбасары болған. Қазір үш орынбасар қалды. Әкім орынбасарларының бірі Бақытгүл Хаменова былтырғы желтоқсаннан бері қамауда отыр. Оған қатысты Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тергелді. Онымен бірге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алу күдігіне ілінген. Күдіктілерге Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігімен қылмыстық іс қозғалған.