Петропавлдағы 2-ЖЭО мұржасының құлаған себебі белгілі болды
Петропавлдағы 2-ЖЭО мұржасының құлаған себебі белгілі болды
Фото: elitar.kz
401
оқылды
Энергетика министрлігінің мәліметінше, арнайы комиссия Петропавлдағы жылу-электр орталығы түтін мұржасының құлаған себебін анықтады. Мұржаға техникалық құрылыс сараптамасын жүргізді. Комиссия сараптама нәтижесінде, мұржаның құлауының бірнеше себебін айтты: – түтін мұржасын салудың жобалау және бетондау кезеңінде ақаулар жіберілген; – түтін мұржасы тиісінше пайдаланылмаған. Яғни, жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстары, кезекті тексерулер мерзімінде жүргізілмеген; – қазандықтардан тыс шығатын газдардың температурасы бөлігінде қазандықтардың жұмыс режимдерін сақтамау; – қазандықтардың жоғары апаттылығы және қазандықтардың авариялық тоқтатылуынан кейін мазутты пайдалана отырып, конденсаттың түзілуіне және төмен температуралы коррозияға қатысты газ жолы мен түтін мұржасының жұмыс жағдайларының нашарлауына әкеп соғып,  жиі іске қосылуы; – Петропавл 2-ЖЭО басшылық құрамы мен жауапты мамандары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы. Осылайша, жоғарыда аталған факторлардың жиынтығы түтін мұржасының құлауына себеп болған. Айта кетейік, 20 наурызда Петропавлдағы жылу-электр орталығының мұржасы опырылып құлап, жұмысшы әйел қаза тапқан еді.