Қант бағасы қашан арзандайды?
Қант бағасы қашан арзандайды?
Фото: inbusiness.kz
879
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қант бағасы арзандауы мүмкін. Қант бағасын арзандату үшін әкімдіктер тұрақтандыру қоры арқылы қантты өзіндік құнынан арзанға сату тәжірибесін тоқтатуы керек. «Ресейлік өнім өндірушілердің болжамынша, қыркүйектен бастап қант экспорты ашылады. Оған дейін шілде, тамыз айларында қант бағасы жоғары болуы мүмкін. Күзге қарай қант бағасы арзандайды деп ойлаймын», – деді Ербол Қарашөкеев. Министрдің айтуынша, қазіргі дүрбелеңге қанттың бір бөлігін өзіндік құнынан қымбатқа сату себеп болып отыр.