Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қызылордада жүргізуші балабақшада көлігімен баланы қаққан, – деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Оқыс оқиға жекеменшік балабақшада болған. Көлік жүргізушісі 7 баланы балабақшаға алып келген. Тәрбиешінің көмекшісі балаларды ішке кіргізіп жүріп, бір баланың сыртта қалып қойғанын байқамаған. Жүргізуші де балаға назар аудармай, көлігімен басып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.