Әлібек Қалбайдың өлімі: екі командир әскери қызметтен қуылды
Әлібек Қалбайдың өлімі: екі командир әскери қызметтен қуылды
Фото: yandex.kz
3,019
оқылды
Жамбыл облысында әскери бөлімде қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеуден соң екі командир жұмыстан қуылды, – деп жазады inform.kz. Қорғаныс министрлігі осы оқиғадан соң әскери бөлімде тексеру жүргізді.
«Қатардағы жауынгер Ә.С.Қалбай биыл сәуір айында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген кезде қайтыс болды. Жеке құрамды жеткіліксіз бақылау және 30212 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан жұмыстағы олқылықтарды анықтау үшін Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде, 30212 әскери бөлімінің командирі және осы бөлімнің оқу ротасының командирі лауазымынан шеттетілді» делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар сарбаз өліміне байланысты осы әскери бөлімнің тағы 3 лауазымды қызметкерді қатаң тәртіптік жауапқа тартты. Бұған дейін биыл 22 сәуірде сарбаз Әлібек Қалбайдың әскери бөлімде қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.