Әскерде әлімжеттік көрген ұлына араша сұраған әйел әлеуметтік желіде аудиожазба жариялады. Жазбада баласының көрген қорлығын жіпке тізіп баяндаған, – деп жазады YK-news.kz.
Сарбаздың анасының айтуынша, рота командирі ұлына қорлық көрсеткен. Командир ұлына кредит алдыртқан. Қорқытып өз үйіне күнделікті азық-түлік тасуға мәжбүрлеген.
Осы фактіге байланысты Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы тексеру жүргізіп жатыр.
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді: «Бұл фактіге қатысты әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр. 5518 әскери бөлімінің әскери қызметкері жұмыстан шеттетілді», – деді.