Әсел Айтпаеваның туысы Мұрат Мейірбеков 15 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Грузия прокуратурасы бойжеткеннің зорланғанын мәлімдеді. Күдікті 56 жастағы Бесик Тордуа келесі күні ұсталды. Ол зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда Тордуа кейін түрме ауруханасында қайтыс болды.
Грузияның бас прокуратурасы тағы бір күдіктіге – Әселдің туысы Мұрат Мейірбековке де айып таққан. Оны Нұр-Сұлтан полициясы биыл 16 мамырда ұстаған еді. Мейірбеков қызды жұмысқа тұрғызу сылтауымен Грузияға шақыртып алып, кейін оны пайдаланып кеткен. Қылмыстық іс «зорлау» бабы бойынша жүргізілгендіктен, сот отырысы баспасөз үшін жабық өтетіні хабарланды.