Ғалымдар Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді
Ғалымдар Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Германияның Қазақстандағы елшісі Моника Иверсенмен кездесіп, ғылым мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.    width=  width= Ведомство басшысы отандық ғалымдар біліктілігін арттыру үшін «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен шетелге жіберіліп тұратынын атап өтті.
– Біз «500 ғалым» жобасы аясында мамандарымызды тағылымдамадан өткізу үшін Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарын қарастыруға әзірміз, – деді Саясат Нұрбек.
Өз кезегінде Моника Иверсен Ақтау қаласындағы Есенов университеті мен Қазақстан-Неміс университетінің ынтымақтастығы негізінде Маңғыстау тұрақты инженерия факультетін құру жайлы ұсыныс айтты. Саясат Нұрбек бұл бастаманы қарастыруға дайын екенін жеткізді.    width= Сондай-ақ  кездесу барысында Қазақстан-Германия университетінің президенті Роммель Волрад ұсынған Қазақстан-Германия үкіметаралық келісіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы: жаңа мүмкіндіктер бастамасы екенін жазған болатынбыз.