Әкімдік әрекет етпей отыр - тұрғындар республикалық маңызы бар жолды жауып тастады
Әкімдік әрекет етпей отыр - тұрғындар республикалық маңызы бар жолды жауып тастады
1,524
оқылды
Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары шұрық тесік жолға наразылық білдіріп, республикалық маңызы бар тасжолды жауып тастады. Жамбыл ауылы Алматы-Нұр-Cұлтан тасжолы бойында орналасқан. Күн сайын мұнда жүздеген жеңіл және жүк көлігі өтеді. Тұрғындардың айтуынша, Бейбітшілік көшесі ұзақ уақыт бойы жөнделмеген.
"Көктем мен күзде бұл жерден өте алмайсың. Жедел жәрдем де, такси жүргізушілері де жете алмайды. Жол нашар болуына байланысты өзімізге де, балаларға да бірнеше рет аяқкиім сатып алуымыз керек. Әкімдік әрекет етпей отыр, бұл наразылық белгісі – жергілікті билік үшін ескерту", – дейді ауыл тұрғындары.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)