Оралда белгілі кәсіпкерді біреулер өлтіріп кетті
Оралда белгілі кәсіпкерді біреулер өлтіріп кетті
1,021
оқылды
Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі болған белгілі кәсіпкер қаза тапты, - деп хабарлады "Мой ГОРОД". Қайғылы оқиға 6 тамызда сағат 20.00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық саябақ пен П.Атоян атындағы стадионның автотұрағында 49 жастағы ер адамды біреулер бірнеше жерден пышақтап кеткен. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Күдікті анықталды, бірақ әлі ұсталған жоқ. "Бүгін сағат 20.00 шамасында стадионға кіреберістің алдында көптеген пышақ жарақаты бар кәсіпкердің мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ауыр қылмыс жасады деген күдіктінің аты-жөні анықталды, дәлірек айтсақ, бір адам белгілі болды. Қылмыстың куәгерлерін анықтау шаралары, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр", - деді Абай полиция бөлімінің бастығы Самат Аисов. Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмаған.