Оралда адам пышақтаған қылмыскер Германияда ұсталды
Оралда адам пышақтаған қылмыскер Германияда ұсталды
7,119
оқылды
2017 жылы Оралда адам пышақтаған күдікті Германияда ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингінде мәлімдеді.
«Қазақстандағы интерполдың ұлттық орталық бюросы Германияның Херфорд қаласындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл кезінде Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті іздестіріп жүрген 29 жастағы Ресей азаматын ұстады. Ол 2017 жылы Орал қаласында автотұрақ маңында өз отандасына пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп көз жұмған болатын», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Қылмыскердің шетелде өзі туралы деректерді ауыстырып жасырынып жүргені анықталған.
«Қазір ол қамауға алынды, оны біздің елге экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр», - деді ведомство өкілі.