10 өңірде жаңа мектеп салу жоспары орындалмай жатыр – Асхат Аймағамбетов
10 өңірде жаңа мектеп салу жоспары орындалмай жатыр – Асхат Аймағамбетов
Фото: yandex.kz
726
оқылды
Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп салу мәселесін айтты, – деп жазды inform.kz. Министрдің айтуынша, былтыр 200 мектептің орнына 277 білім ордасы ашылды. Жекеменшік мектептің де үлесі бар.
«Сонымен қатар, 10 өңір 42 жаңа мектеп пен 21 мың оқушы орнын іске қосу бойынша жоспарды толық орындамады. Біз жекеменшік мектептерді көбейтіп жатырмыз. Енді биыл 214 мың орынға арналған 225 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде қазіргі уақытта 22 мың орынға 49 мектеп пайдалануға берілді. Әр өңір, әр ауыл мен қала бойынша нақты көрсеткіштер бекітілген. Әкімдіктер мектептердің құрылысы уақытылы аяқталуын ұдайы назарда ұстауы тиіс», – деді Асхат Аймағамбетов.
Бұған дейін биыл бір баланы мектепке киіндіруге кететін қаржы туралы жазған болатынбыз.