Автобус балалар емханасының қоршауын бұзып, бір әйелді басып кете жаздады (видео)
Автобус балалар емханасының қоршауын бұзып, бір әйелді басып кете жаздады (видео)
313
оқылды
Бүгін Қарағанды қаласының Пришахтинск ауданында қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус балалар емханасының қоршауын бұзып өтіп, жаяу кетіп бара жатқан әйелді басып кете жаздаған.
«11 тамыз күні сағат 9:00-де Қарағандыда 23-ықшам ауданнан 22-ықшам аудан жаққа қарай келе жатқан жеңіл автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус медициналық мекеменің қоршауын бұзып өтті. Бұл көлік құралының салонында үш жолаушы болған. Олардың бірінің қолы жарақаттанды, оған медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқанын көруге болады. Алдын ала мәліметтер бойынша жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Сондай-ақ, видеодан оқиға болғанға дейін бірнеше секунд бұрын балалар емханасының аумағында бір әйелдің өтіп бара жатқанын көруге болады. Оны автобус қағып кетуі мүмкін еді. Әйел аман. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)