Қызылордада отбасының шырқын бұзатын ер кісілер көбейген
Қызылордада отбасының шырқын бұзатын ер кісілер көбейген
Қызылорда қаласында отбасы шырқын бұзған 852 адам есепке алынды. Облыс орталығында жыл басынан 102 арнасына отбасы жанжалы бойынша 962 хабарлама түскен. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабымен 78 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Полиция отбасы шырқын бұзған 852 адамды қорғау нұсқамасы санатымен есепке алды. Сондай-ақ, 234 адамның мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленген. Оларды жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрғылықты мекенжайлары бойынша үнемі тексереді. Қайта құқық бұзушылыққа бармау бағытында түсіндірме жүргізіледі», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Ведомство мәліметінше, қала аумағында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы бар. Аталған орталықтарда жыл басынан бері 87 әйелге әлеуметтік көмек көрсетілген.