Алматыда 78 тонна жанармайды заңсыз сатқан компания басшысы сотталды
Алматыда 78 тонна жанармайды заңсыз сатқан компания басшысы сотталды
Фото: yandex.kz
421
оқылды
Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны белгілі болды. Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылды. Рақымшылық жасай отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айырды.

Бұған дейін ҰҚК Қырғызстанға жанармай тасымалдап жүрген қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.