Қытайда күн күйіп тұр
Қытайда күн күйіп тұр
755
оқылды
Қытай мемлекеттік метеорологиялық орталығы ҚХР-дың бірқатар аймағында аптап ыстық салдарынан ауа температурасы қаупінің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, сенбі, 13 тамызда ҚХР-дың 15-тен астам провинциясында автономиялық аудандары мен орталық бағынышты қалаларында (Шанхай, Чунцин қалалары) аса жоғары ауа температурасының әсерінен қауіптің қызыл деңгейіне жетеді. Ведомство Шэньси, Сычуань, Хубэй, Хунань, Цзянси, Аньхой, Цзянсу, Чжэцзян провинцияларында, сондай-ақ Шанхай және Чунцин сияқты ірі мегаполистерде температура 40 градустан асатынын атап өтті. Осы жазда Шанхайда экстремалды ауа температурасы алты рет 40 градустан жоғары болды, бұл – бір жылдағы тарихи максимум көрсеткіш. Аптап ыстық Янцзы өзенінің бассейнінде бір айдан астам уақытқа созылады. Ол жергілікті тұрғындардың физикалық жай-күйіне теріс әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар Қытайдың орталық, оңтүстік-батыс және шығыс аймақтарын қатты құрғақшылыққа әкеледі. Бейсенбіден бастап Қытай билігі елдің бірқатар провинциясындағы құрғақшылыққа байланысты төтенше әрекет ету тетігін іске қосты. Өз кезегінде Қытай гидрологтары Янцзы өзеніндегі судың төмен деңгейін тіркеп отыр.