«Томирис» көшбасшы әйелдер жобасына іріктеу аяқталды
«Томирис» көшбасшы әйелдер жобасына іріктеу аяқталды
597
оқылды
​​«Томирис» әйелдер көшбасшылығы бағдарламасы бойынша оқуға өтінімдер мен құжаттарды қабылдау аяқталды. 18 шілде мен 15 тамыз аралығында 342 өтінім келіп түсті.​ ​​Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту және ілгерілету мақсатында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы (бұдан әрі – Академия) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен (бұдан әрі – ҚР АҚДМ) бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «AMANAT» партиясының және Конрад Аденауэр атындағы Қордың қолдауымен «Томирис» әйелдер көшбасшылығы бағдарламасын іске асырады. ​​Бағдарлама аясында конкурстық негізде саясаттан, қоғамдық сектордан және «AMANAT» партиясының активінен 30 көшбасшы әйел іріктеліп алынады, олар 2022 жылғы 5-9 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қарқынды 5-күндік оқыту бағдарламасына қатысады. ​​Қазіргі уақытта конкурстық комиссия қатысушыларды түйіндемелері, мотивациялық хаттары және онлайн сұхбаттасуды бағалау қорытындылары бойынша іріктеу процесін бастап кетті, аталған комиссия құрамы Академияның, ҚР АҚДМ мен Конрад Аденауэр атындағы қордың басшылығынан, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардан тұрады. ​​Оқыту қатысушылардың әртүрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарға тағайындалуына немесе сайлануына көмектесетін дағдыларды, білімдерді және құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқыту бағдарламасы көшбасшылық, Қазақстанның трансформациясы, жобаларды басқару, коммуникациялар, көпшілік алдында сөз сөйлеу және басқа тақырыптар бойынша модульдерді қамтиды. Тренерлер Академияның тренерлер пулынан алынған танымал және тәжірибелі мамандар. ​​Бағдарламада «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен, ҚР АҚДМ вице-министрі Александр Даниловпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменовамен және басқа да саясаткер әйелдермен кездесулер көзделген. Сонымен қатар, ХДО (Германия) партиясының Әйелдер қанаты делегациясымен кездесу жоспарлануда. ​​Барлық қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласында көлік және тұру шығындары өтеледі.​ ​​Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған саяси жобаларды әзірлейді және енгізеді. Академия жыл соңына дейін коучингтік онлайн-сессиялар арқылы әдіснамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. ​​Алдағы уақытта оқыту жобасын кеңінен және тұрақты негізде іске асыру жоспарлануда.