«Басымнан төмпештеп ұра бастады» – Алматыда жәбірленуші оқиғаның қалай болғанын айтып берді
«Басымнан төмпештеп ұра бастады» – Алматыда жәбірленуші оқиғаның қалай болғанын айтып берді
917
оқылды
Оқиға Медеу ауданында орналасқан саяжай аумағында болған. Күдікті жазықсыз әйелді негізсіз ұрып-соққан.
«15 тамызда мен үйге қайтып келе жаттым. Саяжайда тұрамын, 300 метр ғана жүрдім. Сол кезде аяқ дыбысын естідім. Өте жылдам жүріп келе жатты. Қандай да бір арам ойы бар екенін сездім. Артыма қарағым келіп, бұрылдым. Сол мезет маған бейтаныс ер адам келе жатқанын көрдім.  Ол кенет жүгіріп келіп, аузымды қолымен жауып, мені жерге құлатты. Басымнан қатты ұра бастады. Бетімнен де ұрды.  Бес рет соққы жасады. Содан кейін қашып кетті. АІІБ-ға арыз жаздым. Міне бүгін, 18-і күні  ол ұсталды. Мен полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыс айтамын. Жазасыз қалмауы керек», – деді жәбірленуші.
Айта кетейік, бұған дейін осы қылмысқа қатысты күдікті ретінде ұсталған азамат өз жауабында әйелге екі рет соққы жасадым деген болатын.

Алматы