Желіде Лаостағы қазақстандық көмек сұрады
Желіде Лаостағы қазақстандық көмек сұрады
494
оқылды
Қазақстандық Анель Бермағамбетова Лаоста құлдықта екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Актриса Анель Бермағамбетова Instagram-парақшасында Таиландқа жұмысқа шақырылғанын жазған. Анель олар алғашында жақсы күтіп алған, бірақ кейін Лаосқа апарғанын, ал онда сегіз адамға арналған бөлмеге орналастырғанын айтқан. Оның телефоны өзінде.
"Лаоста болғаныма төртінші күн, бөлмеде жалғызбын, ешкімді кіргізбеймін, кеше қытайлықпен мұндай шартпен жұмыс істемейтінімді және ұшу шығындарын өтеп, үйге ұшып кете алатынымды айтып, сөйлесуге тырыстым. Ол бұл келіп-кететін жер емесін айтты, мұнда бір жыл тұруым керегін жеткізді, сәйкесінше мен шошып кеттім. Компания алаяқ болып шықты, маған клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджердің жұмысын орындау керек болды", - деп жазған ол.
Сондай-ақ, Анель Қазақстандағы жақындары Қызылорда облысы Полиция департаментіне өтініш жазғанын, Вьетнамның, Таиландтың, Ресейдің Лаостағы елшілігіне шыққанын айтты.
"Мен Лаоста кепілге алындым. Бұл жерде олардың жалға алған белгілі бір жер учаскесі бар екені белгілі болды, онда олар мұндай заңсыз әрекеттерді жүзеге асыра алады. Бұл жазбаны үкіметтік құрылымдар - Қазақстан СІМ, Қазақстан Бас прокуратурасы, Қазақстан ІІМ назар аударсын, олар маған бұл жерден шығуға көмектессе екен деген мақсатта жазып отырмын", - деген ол.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 1-бөлігі бойынша (Адам ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс тіркеліп, соталды тергеп-тексеру басталған.
"Тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған мәліметтерге сәйкес ресми ақпараттар қосымша ұсынылады. Оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды. Жәбірленушінің ағасымен байланыс орнатылды. Сонымен қатар, ҚР Консулдығы департаментіне хат жолданды", - делінген хабарламада.