Құтлық Елтеріс қағанның жазуы мен 51 балбал тас тізіліп орналасқан кешені табылды
Құтлық Елтеріс қағанның жазуы мен 51 балбал тас тізіліп орналасқан кешені табылды
Фото: Twesco Press
874
оқылды
Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп жүргізген Архангай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедициясы жұмыстарының нәтижесінде, Елтеріс қағанға арналған кешен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Халықаралық Түркі академиясының мәліметінше, кешеннің жалпы аумағы 49х41.5 м жерді алып жатыр. Батыстан шығысқа қарай сопақша болып созыла орналасқан кешенді айналдыра қоршап ор қазып, одан шыққан топырақты үйіп қамал жасаған.    width= Кешеннің батыс жағында ортасында ойығы бар текше тас (альтар), адамның тас мүсіндері, қасында екі күшігі бар арыстан мүсіні және екі қой мүсіні орналасқан. Кешеннің қақпасынан шығысқа қарай 51 балбал тас тізіле орналасқан. Олардың ішінде бес балбалдан Ашина әулетіне тиесілі «таутеке» таңбасы анықталды. Сонымен қатар кешенде барықтың (табыну орны) болғанын айқындайтын қыш жабындылар мен жаяу жүргінші жолына төселген кірпіштердің қалдықтары қазылып алынды.    width=

Барықтың алдынан еңселі жазба ескерткіштің жоғарғы бөлігі мен тасбақа тұғыры табылды. Табылған құнды олжаның екі бетінде 12 жолдан тұратын көне түрік бітік жазуы, ал үшінші қырында көне соғды жазуы қашалған. Экспедицияға қатысушы ғалымдар ескерткіш мәтінінен «Тәңір», «түрк», «Құтлық», «түмен» секілді бірқатар сөзді анықтады. Жазба мәтінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген тұжырым жасалып отыр. Бұған қоса, бітіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші саналады.

   width= Жалпы алғанда, Номғон ғұрыптық кешені барлық белгілері жағынан Білге қаған мен Күлтегін ғұрыптық кешендеріне ұқсас. Номғон жазба ескерткіштің жоғары  тұсында төмен қараған денесі айдаһар бейнесіндегі екі бөрінің басы бейнеленген. Дәл осындай қағандық атрибутикалардың — айдаһар денелі, бөрі басты сюжеттің Таспар қаған, Білге, Күлтегін және басқа ескерткіштерінің жоғары тұсында қашалғаны белгілі. Номғон жазуы Орхон ескерткіштері секілді мемлекеттік деңгейдегі маңызды ескерткіш саналады.    width= Академия Номғон ғылыми экспедициясының нәтижелеріне арналған ғылыми жинақ әзірлеп, түркі мемлекеттерінің астаналарында таныстыратын болады. Моңғолиядағы түркі дәуірінің ескерткіштерінде қазба жұмыстары алдағы уақытта жалғаса береді. Айта кету керек, Номғон жазығындағы зерттеу жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Алайда COVID-19 пандемиясы салдарынан екі жыл бойы тоқтап қалған «Номғон» бірлескен экспедициясы 2022 жылдың шілде айында қазба жұмыстарын қайта жалғастырды.    width= «Номғон-2022» бірлескен экспедицияның құрамында Халықаралық Түркі академиясы зерттеу тобында Дархан Қыдырәлі, Напил Базылхан, Нұрболат Бөгенбаев, кеңесші археолог болып Моңғолия ҒА Археология институтының Археологиялық зерттеу орталығының директоры, академик Дамдинсүрэнгийн Цэвээндорж (1949-2022), Моңғолия ҒА-ның Тарих, археология институты Ортағасырлық археологиялық зерттеу орталығы тобы жетекшісі,  доктор (Ph.D), професоор Алтангэрэлийн Энхтөр, археологтер Цэрэнхандын Буянхишиг, Гончигийн Батболд және Нарантуяагийн Цэнгэл, Мөнхсайханы Ууганбаяр қатысты.    width= Бұған дейін Түркі академиясы Моңғолиядағы Шивээт-улан ескерткішінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. 2016 жылы аталған алқапқа арнайы экспедиция ұйымдастырды. Құтлық қағанның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер табылып, мерзімі анықталды, 2018 жылы жан-жағы қоршалып, қамқорлыққа алынды. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде 2019 жылы басталған Номғон экспедициясының нәтижесінде нақты Құтлық қағанның өзіне арналған кешен табылып отыр. Бұған дейін Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылғанын хабарлаған болатынбыз.