Бір уақытта коронавирус, маймыл шешегі және АИТВ жұқтырған науқас анықталды
Бір уақытта коронавирус, маймыл шешегі және АИТВ жұқтырған науқас анықталды
Фото: ТАСС/DPA/BRITTA PEDERSEN
493
оқылды
Үш бірдей инфекция жұқтырған Италия азаматының алдымен дене қызуы көтерілген. Кейін бас ауруы және тамақ қабынуы сияқты белгілер мазалаған. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. ВАК-тың мәлімдеуінше, 36 жастағы ер адам Мадридте бірнеше күн болып, Палермоға оралады. Аз уақыттан соң дене қызуы көтеріліп, бас ауруы және тамақ қабынуы сияқты белгілер пайда болған. Осылайша, ПЦР-тест оң нәтиже көрсеткен.
«Ер адамның денесінде маймыл шешегіне тән бөртпе пайда бола бастайды. Жүргізілген талдаулардан кейін бұл ауру да расталады. Италиялықтың қорғалмаған гомосексуалдық байланысы бар екені белгілі болған кезде, оған АИТВ-ға талдау жасалады. Бұл дертті де жұқтырғаны анықталды», – делінген хабарламада.