Шымкентте көпқабатты тұрғын үй өртенді
Шымкентте көпқабатты тұрғын үй өртенді
Фото: ТЖД-нен алынды
529
оқылды
Шымкентте көпқабатты тұрғын үй өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы сағат 09.47 шамасында болды. Республика даңғылы бойында орналасқан №35 көпқабатты тұрғын үйдің 3 және 4-қабатында өрт шықты. Оқиға орнына алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімдері үйдің сыртқы пластик қаптамалары жанып жатқанын анықтады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер 35 адамды қауіпсіз жерге шығарып, екі адамды құтқарды.