FlyArystan-ға тиесілі Анталья-Ақтөбе бағытындағы ұшақтың шассиіне құс кіріп кетті
FlyArystan-ға тиесілі Анталья-Ақтөбе бағытындағы ұшақтың шассиіне құс кіріп кетті
Фото: Баспасөз қызметінен алынды
577
оқылды
Air Astana компаниясының мәліметінше, FlyArystan компаниясына тиесілі ұшақты тексеру үшін Алматыдан арнайы инженер жіберілді. Анталья-Ақтөбе бағытындағы КСХ 7820 рейсі қонатын кезде Аirbus A320 ұшағының шассиіне құс кіріп кеткен. Құстың кесірінен Ақтөбе-Атырау бағытындағы КС 7292 рейсі алдын ала мәліметтер бойынша 3 сағат 50 минутқа, Атырау-Ақтау-Атырау бағытындағы KC7275/7276 рейсі 15 сағатқа кешігеді. Жыл басынан бері Air Astana ұшақтарына  99 рет құс соғылған. Бұған дейін күні кеше Алматыдан елордаға бет алған ұшақтың қозғалтқышына құстар кіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз.