Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Президент Жолдауда игерілмей жатқан жерлер туралы мәселеге арнайы тоқталды.
«Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Президент қазір шетелдік компаниялардың Қазақстанға көшуі өзекті мәселе болып отырғанын айтқан еді.