Қостанайдағы өрт оқшауланған соң, жолдар ашыла бастады
Қостанайдағы өрт оқшауланған соң, жолдар ашыла бастады
357
оқылды

Қостанай облысындағы төтенше оқиға кезінде тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ. 10 адам (5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды. Олардың төртеуі орталық аудандық ауруханада, алтауы тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

"Жағдайдың жақсаруына байланысты Р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және теміржол (пойыздар) бойынша пойыздар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 пойыз, барлығы - 908 жолаушы)", - деп хабарлады жедел штабтан.