Алматыда түнде "ұйықтамайтын" 40 қыз ұсталды (видео)
Алматыда түнде "ұйықтамайтын" 40 қыз ұсталды (видео)
9,868
оқылды
Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысатын төрт притонды анықтады. Polisia.kz сайтының мәліметінше, притондардың барлығы жеке коттедждер сияқты көрінген. Бір қарағанда басқалардың назарын аудармайтын қарапайым үй.
"Іс жүзінде олай емес. Мұнда түнгі өмір қызу жүріп жатыр: өздерін массаж шебері ретінде таныстыратын қыздар клиенттеріне интим қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының жеке басы кез келген қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы біздің жазбаларымызға сәйкес тексерілді. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы жауапқа тартылды", – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар, аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін атап өтті. 57 заң бұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.