Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда өз-өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады: ІІМ түсініктеме берді
Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда өз-өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады: ІІМ түсініктеме берді
фото: prosports.kz
517
оқылды
ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Ұлттық музейдің экс-директоры, оған дейін Мәдениет және спорт министрлігін басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда өз-өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ол ақпаратта жаңсақтық бар екенін мәлім етті. «Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болды. Бірақ бұл 2022 жылдың мамыр айында, экс-директор уақытша ұстау изоляторында болған кезде орын алған», – дейді комитеттің баспасөз қызметіндегілер. Еске салсақ, 29 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын мәлім еткен еді. Ал 26 тамызда аталған тұлғаның министр кезіндегі туыстарына қатысты әрекеттері тергеліп жатқаны айтылды.