Қызылордада ішімдік ішіп, заңды некедегі әйелін өлтірген 29 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 29 жастағы ер адам заңды некедегі 27 жастағы әйелін мас күйінде ұрып-соққан. Соққының салдарынан ауыр жарақат алған әйел көз жұмды.
«Оқиға орнынан қашып кеткен ер адам іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды. Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді полицей.