Нығматулин, Жақсыбеков һәм Мәмин: не үшін жиналды, қайда отыр?
Нығматулин, Жақсыбеков һәм Мәмин: не үшін жиналды, қайда отыр?
1,420
оқылды
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның бұрынғы Премьер-Министрі Асқар Мәмин, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің экс-басшысы Әділбек Жақсыбековтің кездескен фотосы пайда болды.
Алайда бұрынғы элитаның қайда, не үшін бас қосқаны белгісіз. Бірақ БАҚ-та түрлі деректер айтылуда. Мәселен, paranoiakz ақпарат көзі «Бұл фото Швейцарияның Лозанна қаласында бірнеше күн бұрын түсірілген деген ақпарат бар. Қазақстан Республикасының экс-премьері, экс-мәжіліс спикері және экс-президент әкімшілігінің басшысы бас қосыпты…» деп жазды. Сол сияқты  журналист Кирилл Павлов Telegram арнасының мәліметінше, «Ескі Қазақстан» элитасы Президент сайлауында Тоқаевқа қарсы үміткерді таңдап отыр».
Тағы бір ақпарат көздерінің мәліметінше,  бұл елордадағы Абай көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан Lugano мейрамханасы екені  анықталды.  width= Еске салсақ, қаңтар оқиғасынан кейін, Мәмин Премьер-Министр лауазымынан, ал Нығматулин Мәжіліс Спикері лауазымынан отставкаға кетті. Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерация басшысы мен «ҚазТрансГаз» директорлар кеңесінің төрағасы қызметін кетуге мәжбүр болды.