Болат Әбілов: «Дикий Арман» бір әйелді атып тастағаны үшін қамалған
Болат Әбілов: «Дикий Арман» бір әйелді атып тастағаны үшін қамалған
©www.altyn-orda.kz/kz
1,653
оқылды
Болат Әбілов «Қазақстан» қонақүйінде өткен жиында Қайрат Сатыбалдының Дикий Арманды оппозицияға қарсы қалай пайдаланғаны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді. Оның сөзінше, қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмағалиев бір әйелді атып тастағаны үшін қамалыпты.  – 2005 жылы 2 мамыр күні Парламент сайлауының қарсаңында Шымкентте бас қостық. Екі-үш күн бұрын Қайрат Сатыбалды Шымкентке келіп, Дикий Арманмен сөйлесті. «Сені түрмеден шығарамыз. Ертең оппозицияны «қарсы алып, шығарып» саласың. Біз сені босатамыз, – деп уәде берген. Сөйтіп, адам өлтіріп, түрмеде отырған Дикий Арманды шығарып алған. Ол бір әйелді атып тастағаны үшін қамалған еді.