Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан екі жолаушы қаза тапты
Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан екі жолаушы қаза тапты
Фото: polisia.kz
1,027
оқылды
Шығыс Қазақстанда рульге ие бола алмаған жолаушы жүк көлігіне соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 6 қыркүйек сағат 11.27 шамасында Ұлан ауданында Өскемен-Алматы тасжолының 45-шақырымында жол апаты болды. Toyota Ipsum автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, алдында келе жатқан КамАЗ-бен соқтығысты.   [caption id="attachment_216607" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: polisia.kz[/caption] Көліктегі 38 және 44 жастағы екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Автомобильдің 24 жастағы жүргізушісі, 40 және 20 жастағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.