Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына 700 млн теңге түсті
Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына 700 млн теңге түсті
213
оқылды
Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына 700 миллион теңге түсті. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Оның мәліметіне қарағанда, Мемлекет басшысы қабылдаған жедел шешімдер нәтижесінде тұрғын үй құрылысына 2,3 млрд теңге қаражат бөлінді.
"Еліміздің құрылыс компаниялары үйлердің құрылысына кірісіп кетті. Мемлекетпен қатар, отандық ірі кәсіпорындар, банктер мен қайырымдылық қорлары да ортақ іске атсалысып, өз қаражаттарына бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын бастады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Өрттен зардап шеккендерге қол ұшын созып, гуманитарлық көмек жіберуге атсалысқан халықтың ықыласында шек жоқ. Облысымыздың ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар тиелген жүк көліктері әлі күнге ағылып келіп жатыр. Арнайы ашылған «Қайырымдылық.KZ» қорына қазірдің өзінде 700 млн теңгеден артық қаражат түсті", – деп жазды Қостанай облысының әкімі.