Армения-Әзербайжан шекарасындағы ахуал тағы шиеленісті - БАҚ
Армения-Әзербайжан шекарасындағы ахуал тағы шиеленісті - БАҚ
272
оқылды
Халықаралық ақпарат агенттіктері Армения мен Әзербайжан арасындағы ахуал бүгін түнде тағы шиеленіскенін жазып жатыр. Мәселен, Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскерилері елдің шекаралас қалаларын артиллериядан және ұшқышсыз ұшақтардан атқылап жатқанын хабарлады. Арменияның министрлер кабинеті шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты премьер-министр Никол Пашинян Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің отырысы алдында Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін де мәлімдеген. Бұл туралы Еuronews.com жазды.
«13 қыркүйек күні сағат 00.05-тен бастап Әзербайжан қарулы күштерінің бөлімшелері Горис, Сотк және Джермук маңындағы армян позициялары бағытында артиллериядан, ірі калибрлі атқыштардан қарқынды атқылауды бастады», - деген Арменияның әскери департаменті.
Өз кезегінде Әзербайжан Қорғаныс министрлігі шекарадағы кезекті әскери қақтығысты Армения қарулы күштерінің ауқымды арандатуы деп атап, Ереванды Әзербайжан армиясының Дашкасан, Келбажар және Лачин облыстарындағы позицияларын, баспаналары мен базаларын атқылағаны үшін айыптады. Ведомство өз бөлімшелерінің қатарында қаза тапқандардың бар екенін айтты.