Қолдаймын! - Тоқтар Әубәкіров Президентті жеті жылдық мерзімге сайлау туралы айтты
Қолдаймын! - Тоқтар Әубәкіров Президентті жеті жылдық мерзімге сайлау туралы айтты
1,616
оқылды
Халық қалаулыларының Президентті жеті жылдық мерзімге сайлау туралы бастамасын қазақстандық тұңғыш ғарышкер, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Халық Қаһарманы, қоғам қайраткері, Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Тоқтар Әубәкіров қолдады. Бұл орайда, ол Мемлекет басшысының тек бір мәрте ғана ең жоғары лауазымды атқара алатынына баса мән берді.
«Мен Президенттің жеті жылдық мерзімге сайлануын қолдаймын. Оның үстіне, Қазақстан Конституциясына Президенттің тек бір рет сайлануға мүмкіндігі бар екенін бір тармақ ретінде енгізіп отырмыз. Демек, ол бұдан былай бұл қызметке сайланбайды», - деді Тоқтар Әубәкіров.
Еске сала кетейік, Қазақстанда депутаттардың ұсынысымен сайлауға дейін бірыңғай президенттік мерзім енгізілген. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде «Жаңа Қазақстан» депутаттар корпусы Қазақстан Республикасының Президентін бір реттік жеті жылдық мерзімге сайлау бастамасын қолдайтындарын мәлімдеген. Сонымен бірге, депутаттар енді Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, биыл күзде Президент сайлауын жаңа ереже бойынша өткізу қажет деп есептейді. Олардың пікірінше, бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, еліміздің тұрақты дамуына жағдай жасайды.