Тұңғыш қазақстандық ғарышкер, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Халық Қаһарманы, қоғам қайраткері, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Тоқтар Әубәкіров қаңтар айындағы оқиғалар туралы айтты. «Құрметті отандастар, мұндай жауапты, сындарлы, қысылтаяң сәтте бізді тастап, ешқайда қашып кетпей, бар күш-жігерін салып, бізге қорған болған азаматқа алғыс айтуымыз керек екенін жеткізгім келеді», - деді Тоқтар Әубәкіров.
Бұған дейін Тоқтар Әубәкіров жеті жылдық президенттік мерзімі туралы айтқан болатын. Ол депутаттардың бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда депутаттардың ұсынысы бойынша сайлауға дейін бір реттік Президенттік мерзім енгізіледі. Осы жылдың 2 қыркүйегінде «Жаңа Қазақстан» депутаттық корпусы Қазақстан Республикасының Президентін жеті жылдық мерзімге сайлау туралы бастаманы қолдайтынын жеткізді. Бұл ретте депутаттар қазір Конституцияға өзгерістер енгізіп, биылғы күзде жаңа ережелер бойынша Президент сайлауын өткізу қажет деп санайды.
Олардың пікірінше, бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және еліміздің тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
&;