Ақселеуді жырға қосты
Ақселеуді жырға қосты
426
оқылды
Жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай Жаңаарқада жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға еліміздің әр аймағынан келген ақындар екі тақырып бойынша қатысқан. Олар байқаудың алғашқы кезеңінде Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен өнегесін жырына арқау етсе, келесі кезеңде еркін тақырыпта жазылған шығармаларын ұсынды. Қазылар алқасының құрамына елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен өңірдің қаламгерлері енген. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақтөбе облысынан келген ақын Азамат Әбілқайыр жеңіп алды. I орынды елордалық Жәнібек Әлиман еншілесе, II орын Алма Ақылбайқызына бұйырды. Ал ІІІ орынды түркістандық Батырхан Сәрсенхан мен қарағандылық Жәлел Қуандықұлы жеңіп алды. Мүшәйра жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Сонымен қатар, 4 ақын сайыстың арнайы жүлдесіне ие болды.