Министр Бағдат Мусин телефонмен хабарласатын алаяқтардан қалай қорғанатынын айтты  
Министр Бағдат Мусин телефонмен хабарласатын алаяқтардан қалай қорғанатынын айтты  
Фото: primeminister.kz
567
оқылды
Бұдан былай Қазақстанда әр SIM-картаның иесі биометриялық тексерістен өткеннен кейін ғана нөмірді тіркей алады. Себебі, соңғы уақытта шетелден түрлі нөмірден хабарласып елдің мазасын алатын алаяқтар көбейген. Нөмір тіркелмегендіктен, оларды табу да оңай емес. КТК-ның мәліметінше, алаяқтар тіпті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі Бағдат Мусинді де жиі мазалайды екен.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Иә, маған да алаяқтар хабарласады. Бірақ мен өте қарапайым тактика қолданамын. Алаяқ екенін білген бойда, оларға қазақша жауап беремін. Амалсыздан телефонын қоюға мәжбүр болады», – деді.
Алаяқтар көбіне қазақстандық жүздеген нөмірді сатып алып шетел асып кетеді. Сөйтіп, роумингке қосылып, түрлі жымысқы әрекетін жүзеге асырады. Банктердің атын жамылып несие алдыртады. Құзырлы мекемелер мен жекеменшік операторлар бірігіп алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Өйткені алаяқтар ұялы телефонды қойып, үй телефонына да хабарласа бастаған. Сондықтан бұдан былай жаңа SIM-карта аларда немесе нөмірді тіркегенде, міндетті түрде биометриялық ақпарат сұралады. Адамның бет-жүзі сканерден өткізіліп, анықталады. Бұл ескі нөмірлерден де талап етіледі.