Испанияның бұрынғы Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратиносрухани көшбасшылардың бір үстел басында отырып өзекті мәселелерді талқылауы маңызды оқиға деп атап өтті. Оның сөзінше, мұндай съезд өткізу идеясының Қазақстанда пайда болуы кездейсоқ емес. Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен көптеген конфессия өкілдері тұрады. Бұл қазақ халқының ұлттық тарихының бір бөлігі деген баға берді.
Ол дін зорлық-зомбылықтың алдын алу жолында қызмет етеді деп мәлімдеді. Сондай-ақ қазір жекелеген адамдар өздерінің сенімдерін теріс мақсатта, яғни, зорлық-зомбылық тудыру үшін пайдаланатынына өкінішін білдірді.
«Діни әртүрлілік әлсіздік емес, керісінше алып күш екенін түсінуіміз керек. Бұл мәдени бірегейліктің бір бөлігі. 11 қыркүйектегі шабуылдардан кейін христиан және ислам қауымдастықтары арасында көпір салу, қолдау жиналыстары басталды. Өз кезегінде лаңкестік күштер бұл көпірлерді бұзады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер альянсы лаңкестік принципті жою және ұлттардың ыдырауына жол бермеу үшін құрылды» – деді Анхель Моратинос.