Атырау полицейлері көпірден Жайыққа секірген ер адамды құтқарды
Атырау полицейлері көпірден Жайыққа секірген ер адамды құтқарды
436
оқылды
Атырау полицейлері көпірден Жайыққа секірген ер адамды құтқарды. Тәртіп сақшылары судан шығарылған 28 жастағы жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға бүгін, 18 қыркүйекте тіркелген.
«Бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында Атырау қаласындағы орталық көпірдің үстінен белгісіз ер адам Жайық өзеніне секірген. Мұны байқап қалған қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Арман Қарабалиев пен полиция аға лейтенанты Меллат Әбужанов жедел құтқаруға ұмтылған. Санаулы уақытта көмек бермесе, суға секірген адамды құтқару мүмкін емес. Полиция аға лейтенанты Арман Қарабалиев құтқару жилетін киіп, суға батып бара жатқан ер адамға қарай жүзген. Кейін жағаға шығару үшін әріптесі, полиция аға лейтенанты Меллат Әбужанов көмек берген. Тәртіп сақшылары судан шығарылған, ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті» делінген хабарламада.
Көпірден Жайық өзеніне секірген ер адам 1994 жылы туғаны анықталды. Ол – Атырау қаласының тұрғыны. Әзірге оның көпірден секіруіне не себеп болғаны белгісіз.