«Биыл туризм саласына цифрландыруды енгізу мақсатында 6 ескерткішке QR-код орнатылды. Сондай нысандардың қатарында Сарайшық қалашығы, Сарайшық музей қорығы, қазақтың күй анасы атанған Дина Нұрпейісова, әскери ұшқыш, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова, Әнұран авторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұмекен Нәжімеденов, қиын кезде өңір тұрғындары азық ретінде қолданған Құмаршық ескерткіші бар. Енді кез келген адам, оның ішінде өңірге саяхаттап келген туристер QR-код арқылы аталған ескерткіштер туралы бес тілде ақпарат алуына болады», – дейді Нұрбол Жаңабеков.Оның айтуынша, ескерткіштердің 3D көрінісін тамашалауға болады. Бұл үшін Тarihi jol қосымшасын жүктеу қажет. QR-кодта ескерткіштердің қай жылы орнатылғаны, тарихы туралы толық ақпарат бар.
Асыл ТҰМАР