«Дастан» телехикаясына 130-ға жуық костюм тігіліп, 8 мыңдай киім дайындалды
«Дастан» телехикаясына 130-ға жуық костюм тігіліп, 8 мыңдай киім дайындалды
1,139
оқылды
Түбі бір түркі халықтарына ортақ тарихи кезеңнен жеткен аңыз «Дастан» телехикаясы «ASTANA» телеарнасында жаңа маусымда көрсетілетін болды. Мұнда VIII ғасырда Орталық Азияны мекен еткен ежелгі түркі тайпаларының тарихынан сыр шертеліп, хан сарайындағы текетірес, өзара қақтығыс, сезімді байлаған саясат, көкірекке тұнған кек, ерлік пен батырлық, татулық пен достық көрініс тапқан. Телехикая түсіріліміне бір жыл дайындалған. Ал хикаядағы кейіпкерлердің әшекей бұйымдары жарты жыл жасалған. Ерте заманға тән құрал-жабдықтың 5 мыңнан аса түрі дайындалды. Басты кейіпкерлерге 130-ға жуық костюм тігіліп, олардың көмекшілеріне 8000-дай киім дайындалды. Тіпті, түсірілім үшін сол дәуірдің сәулеті бойынша арнайы сарай мен бақ та тұрғызылды. Телехикаяның басты рөлдерін Ebru Sahin (Аққыз), Edip Tepeli (Батуға), Selim Bayraktar (Алпағы хан) және Ipek Karapinar (Шолпан) сынды танымал әртістер сомдайды. Телехикая дүйсенбіден сенбіге дейін 21:00-де «ASTANA» арнасынан  тамашалай аласыздар! https://youtu.be/3JfsSwlcqcQ