Маған да ресейліктердің еліме кіргені ұнамайды... - Айгүл Орынбек
Маған да ресейліктердің еліме кіргені ұнамайды... - Айгүл Орынбек
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Қазақстан халқын толерантты болуға шақырды. «Елде соғыс болып, жан-жаққа қашудан құдай сақтасын! Бейбітшіліктің қадірін білейік!", – деп жазды ол. Автор Украинада соғыс басталмай жатып, қалталы байлары Анталья, Ыстамбұлдан үй алғанын атап өтеді. Соғыс басталғанда тіпті 5 миллионға жуық халқы елден кетті.
"Егер сол елдерінен қашқан 5 миллион украиндық елге кіреміз деп келгенде осындағы «шекараны жабу керек» деп отырғандар құшақ жая қарсы алатын еді. Көшбасшы оңбаса, халқына сор. Кімге елінен кеткен ұнайды дейсің? Әрине ешкімге! Маған да ресейліктердің еліме кіргені ұнамайды. Бірақ олар — бізге тиіп тұрған шекаралас көрші. Әлем ядролық соғысқа жақын тұрғанда, бүкіл әлемнің назары қазір бізде болып отыр. Бұл ситуациядан да халықаралық стандарттарға сай әдемі шығуымыз керек! Әлем сылайтын дипломат Президентіміз бар! «Шекараны жап!» деп ашық айтпаса да, құпия түрде тапсырмалар тиісті адамдарға берілді деп ойлаймын. Бұл мәселені саясиландыра бермей, келіп жатқан қонақтарға кімнің елінде жүргенін мәдени түрде көрсетіп отыру керек! Құжаттары дұрыс емес екенін білсең, бірден полицияға хабарла. Еліміздің елдігін сақтап қалу өз қолымызда! Бірігетін уақыт келді, ақша, құлқынның қамы үшін емес, ел үшін жұмыс істейік! Бұл тығырықтан да Президентіміз Тоқаев алып шығады! Украинаны ашық қолдайтынымызды айтып отырып, ресейліктерге есігімізді тарс жауып қоя алмаймыз! Дәл қәзір бізге толерантты көзқараста болу керек!» – деді ол.