Отырыстың күн тәртібі бекіді
Отырыстың күн тәртібі бекіді
471
оқылды
Сенат Бюросының мүшелері 2022 жылғы 29 қыркүйекте өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Бюро отырысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің демократиялық бағытта дамуына жол ашатын конституциялық өзгерістердің маңызына тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан алдағы Президент сайлауы туралы айтты. Бюро отырысының қорытындысына сәйкес, алдағы Сенат отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Құжат комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен Комиссия алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге еңбек шартын жасасуды көздейді. Сондай-ақ комиссия қызметкерлері үшін оларды ұзарту мүмкіндігімен еңбек келісімшарттарының 5 жылдық мерзімі, жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін өтпелі ережелер белгіленеді. Отырыста Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.