Тіркеуге алынбаған мылтық тәркіленді
Тіркеуге алынбаған мылтық тәркіленді
829
оқылды
Қызылорда облысында заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды. Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару» жедел шарасы барысында Аманөткел елді мекені тұрғынының үйін тексерген. Тексеру кезінде азаматтың қолындағы қаптан ІІО-да тіркеуде жоқ 2-ұңғылы 12-калибрлі аңшы мылтығы анықталып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.